Жаңа заманның жаңалықтар порталы | Newsroom.kz RU search
19 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін Александр Вучич пен Сербия халқына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Сербия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен шағын құрамда келіссөз жүргізді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Александр Вучичке ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президенті ретіндегі Сербияға алғашқы сапарының мәні ерекше екенін айтты. Сонымен қатар бұл сапар қазақ-серб қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық халықтар достығына, саяси диалог пен өзара қолдауға ұдайы арқа сүйейтінін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары Астана мен Белград экономикалық ықпалдастықты нығайту үшін нақты шаралар қабылдап, сауда және инвестициялық байланыстарды белсенді дамытып келе жатыр.

Орайлы сәтті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін Александр Вучич пен Сербия халқына алғыс айтты. Мемлекет басшысы мұны екі ел арасындағы шынайы достықтың жарқын көрінісі ретінде бағалады.