Қазақстанның ірі қалаларында бүгінгі ауа райы қандай болмақ

Астанада ауа райы болжамынша, аздаған бұлт болады

Фото: Егемен Қазақстан

Астана, Алматы мен Шымкенте 5 тамыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда аспанды қара бұлт торлайды. Күндіз ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, түнде 23 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,2 м/с болмақ.

Астанада ауа райы болжамынша, аздаған бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін жетіп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,4 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 38 градусқа дейін жетіп, түнде 25 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,3 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...