2024 жылғы 31 шілде күні сағ. 16.00-де Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының арасындағы «Сарқырама» өзенінің бойында «Таза Қазақстан» облыстық экологиялық акциясы аясында облыстық экоплоггинг өтеді,-деп хабарлайды newsroom.kz
Іс - шараның негізгі мақсаты - қала тұрғындары мен туристердің, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизмге, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.
Іс-шараға азаматтық сектор өкілдері, «Аманат» партиясы, қалалық мәслихат депуттатары, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, жастар-ресурстық орталығы, белсенді жастар мен еріктілер, коммуналдық мекеме қызметкерлі мен меншік иелері бірлестігінің өкілдері қатысады. Барлығы 350-ге жуық адам қатысады деп жоспарланған.
Плоггинг екі заманауи тенденцияны біріктіреді: салауатты өмір салты және қоршаған ортаға қамқорлық. Плоггинг әдеттегі жүгіруден ерекшеленеді, өйткені сіз өзіңізбен бірге қапшықты алып, оған жолда кездесетін барлық қоқыстарды жинайсыз.
Экоплоггингтің қатысушылары 2 топқа бөлінеді: екі топ ресми басталғаннан кейін «Сарқырама» жағалауында, екіншісі Қосшы мен Тайтөбе ауылын жалғайтын күре жолдың бойында қоқыс жинауды бастайды.
Жалпы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған сәттен бастап Ақмола облысы бойынша 550-ден астам елді мекен қамтылып, 80 мыңға жуық тонна қоқыс шығарылды. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 200 – ге жуық көшет отырғызылды, екпелерді әктеу, су айдындары-өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту, 400 балалар алаңы абаттандырылды, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың қасбеттері жөнделді.
Облыс бойынша барлығы 500 мыңға жуық адамның қатысуымен 3500-ге жуық бір реттік экологиялық іс-шаралар өткізілді.