Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шымкентте ер адам жас қызды зорлады: қыздың құрбысы жауапқа тартылды

Өз жауабында азаматша аталған ақпаратты жоққа шығарған

Шымкентте ер адам жас қызды зорлады: қыздың құрбысы жауапқа тартылды
Фото: Егемен Қазақстан

Шымкентте ер адам қызды алып қашып, кейіннен бойжеткен көнбеген соң оны зорлаған. Әлеуметтік желіде тараған 20 жастағы қыздың тағдырына қатысты оқиға жалғасын тапты,-деп хабарлайды newsroom.kz

Қыздың басына түскен бұл заңсыздыққа қатысты оның құрбысы полицияға шағымданған.

Бұл оқиғаға қатысты Шымкент қаласының Полиция департаменті  жауап берді.

"Құрбысының ұрланғаны туралы жалған ақпарат таратқан қыз жауапқа тартылды. Әлеуметтік желілерде үйлену үшін қызды өз еркінен тыс ұрлау жайты туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар полицияға жеткізілді.

Өз жауабында азаматша аталған ақпаратты жоққа шығарып, жігіттің үйінде бір апта тұрғанын және одан әрі бірге өмір сүруден бас тартып, кетіп қалғанын, сондай-ақ қазіргі таңда ешкімге арыз- шағымы жоқ екенін жеткізді. Зорлық- зомбылық көрсету туралы ақпаратты толығымен жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқан азаматшаға қатысты әкімшілік шара қабылданды"- деді  Шымкент қаласының Полиция департаменті.