Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 шілде, 2024 / Перизат Ілес / Sportroom

21 жастағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы тартысты кездесуде жеңіске жетіп, ширек финалға шықты

Нәтижесінде Мұхаммедсабыр 3:2 есебімен жеңіске жетті

21 жастағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы тартысты кездесуде жеңіске жетіп, ширек финалға шықты
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: MOHD RASFAN/AFP via Getty Images

Париж Олимпиадасы аясында бокс бәсекесінен 63,5 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші кездесуін өткізді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясында бокс бәсекесінен 63,5 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда тайбэйлік спортшы Чу Ен Лаймен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде Мұхаммедсабыр 3:2 есебімен жеңіске жетті. Енді оның ширек финалдағы қарсыласы 27 жастағы грузиялық Лаша Гурули. Аталмыш жекпе-жек 2 тамызға жоспарланған. Еске салайық, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы айналымда испаниялық Ойер Ибареччеге қарсы кездесу өткізді. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жеткен еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату