Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 тамыз, 2024 / Перизат Ілес / Сұхбат

Эксклюзив! Туниске кеткен қазақ бапкер сұхбат берді

Олимпиада ойындарынан кейін маған бірнеше ұсыныс түсті

Эксклюзив! Туниске кеткен қазақ бапкер сұхбат берді
Фото: ашық дереккөзден

Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында қазақ бапкері Есбол Сұлтанов жаттықтырған тхэквондошы чемпион атанып, жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл – Тунис елінің тарихындағы осы спорт түрінен алғашқы алтын жүлде. Newsroom.kz сайтының тілшісі Тунис елінің тхэквондо құрамасында бас бапкер болып қызмет ететін Есбол Сұлтановпен сұхбаттасты. 

-Ең алдымен Тунисте дайындаған спортшылардың Олимпиададағы қос жүлдесі жайлы айтып берсеңіз?

-Парижде  4 спортшы қатысты, екі спортшы медаль жеңіп алды. Бір қола, бір алтын медаль. 58 келі салмақта бір спортшы қола алды. 80 келі салмақта бір спортшы алтын алды. 

-Тунис еліне бас бапкер ретінде бару туралы шешімге қалай келдіңіз ? Дәлірек айтқанда, не түрткі болды?

-  2023 жылдың  қыркүйек айында Тунис федерациясының шақыруымен қызметке  бардым. Басты мақсат- шақыру және ұтымды келісім болды. Сосын өзімді шетелде сынап көргім келді. 

-Тунис пен Қазақстанның бапкерлеріне төленетін жалақы арасында айырмашылық бар ма? 

-Иә әрине, Тунисте халықарлық нормативтер бойынша төлейді. Айлығы әлдеқайда жоғары. 

-  Париж Олимпиадасында таеквондо спортынан бақ сынаған қазақстандық спортшылардың өнерін қалай бағалайсыз? 

-Қазақстан атынан Олимпиадаға екі спортшы қатысты. Екеуіде негізі талантты, талапты спортшылар. Жақсы дайындықпен келген. Менің ойымша, кішкене тәжірибе жетпеді. Екі баланың да болашағы алда деп ойлаймын. Дұрыс жұмыс істесе, келесі Олимпиадада нағыз бабында болып, жүлде алуы керек.  

-Қазір сұраныстағы бапкердің бірісіз деп айта берсек болатын шығар. Алдағы уақытта қайта Отаныңызға оралып, елде бапкерлік қызмет етіп, спортшыларды дайындау жоспарда бар ма? 

-Иә,  Олимпиада ойындарынан кейін маған бірнеше ұсыныс түсті. Бұл жерде барлық елдердегі федерация басшылары жүр. Барлық мамандарды бақылап, қарастырып жүр.  Үш елден ұсыныс түсті. Қосымша шарттар болса, айта бер, бәрін қабылдаймыз деді. 

Қазақстанға оралу бойынша, елімнен ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Әрине мен өзім қаным қазақ болған соң, спортшылар желбірететін туымыз өзіміздің көк туымыз болса, нұр үстіне нұр ғой әрине, қуаныш үстіне қуаныш болады. Бүкіл ел қуанады. Өзімнің ішкі дүниемде ләззат алады, профессионалдық жетістіктен бөлек.

 Жеңіс тағы да құтты болсын! Сұхбаттасқаныңызға рақмет!