Сүйінші қазақ елі! Ғосман Қырғызбаев- Париж Олимпиадасының қола жүлдегері

Спортшы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  түлегі

Фото: Olympic.kz

Дзюдодан отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті,-деп хабарлайды newsroom.kz

66 келі салмақта белдесетін Қырғызбаев екінші жекпе-жекте екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулмен кездесті.

Отандасымыз жекпе-жектің басында «ваззари» ұпайын еншілеп, сол басымдықты кездесу соңына дейін ұстап тұрды.

Париж Олимпиадасының ширек финалында Ғұсман Қырғызбаев франциялық Валид Хиярмен белдеседі.

Айта кетелік, Ғұсман Қырғызбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  түлегі екен. 

Жүктелуде...