Түркістан облысында биыл халық игілігі үшін 29 жайлы мектеп қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екеуі Түркістан қаласында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауында,-деп хабарлайды newsroom.kz
Облыс басшысы Түркістан қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан білмі ұяларының құрылыс алаңдарында болып, жұмыс қарқынын тексерді. Мердігерлермен кездесіп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
– Әлеуметтік нысандардың құрылысын аса жауапкершілікпен жүргізіңіздер. Елдің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Ал білім сапасы көтерілуі үшін мектептер талапқа сай болуы тиіс. Бұл білім ұяларын білікті ұстаздармен жасақтау да аса маңызды. Жұмысты үйлестіріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.
Өңір басшысы облыс орталығында салынып жатқан 2000 орындық жайлы мектептің құрылысын бақылады. Бұл мектеп қаладағы №42 көшеде орналасқан. 4 қабатты нысанның құрылысын «Каратас Майнинг» ЖШС қолға алған. Ғимараттың жалпы ауданы – 20 147 м². Білім ұясы 4 гектар аумақта орналасады. Өткен жылдың қыркүйек айында құрылысы басталған мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр.
Түркістандағы «Яссы» шағынауданында салынып жатқан 1200 орындық білім ошағының құрылысын <<