Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістанда дін сарапшылары кеңес өткізді

Талқыланған өзекті тақырыптардың бірі діни экстремизм мен радикалдану мәселесі болды

Түркістанда  дін сарапшылары кеңес өткізді
Фото: instagram/ turkistan_oblysy

Түркістан облысындағы діни ахуалды тұрақтандыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында облыстық дін сарапшыларының кеңесі өтті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Шараға дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы және Түркістан облысының бас имамы Е.Сматұлы, дінтану саласындағы жетекші сарапшылар, сондай-ақ дінтанушы-теологтар қатысты.

Жиынды дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы ашып, бұл шараның облысымыздағы діни мәселелердің шешілуіне ықпал етуіне әсері мол боларына сенім білдірді. Талқыланған өзекті тақырыптардың бірі діни экстремизм мен радикалдану мәселесі болды. Жиынға қатысушылар экстремистік идеологияның таралуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті. Халықтың діни сауаттылық деңгейін арттыруға, діни ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейтуге, сондай-ақ радикалды идеялардың ықпалына түскен тұлғаларды оңалту бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған нақты шаралар ұсынылды.

Сонымен қатар мәжілісте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әрі рухани-адамгершілік жағдайын қалыптастыруда дін өкілдерінің алатын орны ерекше екендігін тілге тиек етіп, жемқорлыққа қарсы түсіндіру шаралары тұрақты түрде жүргізу қажеттігі айтылды.