Бүгін америкалықтар Зиянды тағам күні немесе Қоқыс тағамы күнін атап өтеді. Америкада ең танымал тағамдар дәл осы "қоқыс тамағы" санатына жатады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Америка халқының 60 пайыздан астамы артық салмақтың зардабын тартатыны да сондықтан. Ғалымдардың болжамынша, егер семіздік қазіргі қарқынмен жалғаса берсе, 2020 жылға қарай америкалықтардың 75 проценті ауыр салмақтылар қатарына кірмек. Бүгінде дұрыс тамақтануды қолдайтындар тамақтағы әр калорияны есептеп, зиянды астан барынша бас тартуға тырысады. Сол себепті олар "Зиянды тағам күнін" мерекелеуге үзілді-кесілді қарсы.
"Зиянды тағам" терминін осыдан қырық жыл бұрын микробиолог Майкл Джекобсон ойлап тауып, айналымға енгізген. Ол адам денсаулығына зиянды қоспалары мен калориясы көп азық-түлік өнімдерін атап көрсетті. 2008 жылы ғалымдар "зиянды өнім" адамды тамаққа тәуелді етіп, миға есірткі сияқты әсер ететінін дәлелдеді.
Бүгін Бельгияда – ұлттық мейрам. Бұл мереке айтулы дата құрметіне бекітілген. 1831 жылы жаңа король І Леопольд таққа отырып, Бельгия парламентінде ант берген еді. Осыдан кейін Бельгия Конституциясы мен елдің тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. 1831 жылдың ақпанында Бельгия қос палаталы парламенті бар конституциялық монархияға айналды.