Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай ?

Астанада аздаған жаңбыр жауады

Фото: El.kz

Қазақстанның екі мегаполисінде бүгін, 21 шілдеде ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал елордада аздаған жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы OpenWeather порталында жарияланды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін, 21 шілдеде Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтерілсе, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4 м/с.

Астанада аздаған жаңбыр жауады деп болжанды. Күндіз ауа 24 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы- 6,6 м/с.

Бүгін Шымкентте де күн ашық болады. Күндіз термометр 37 градусқа дейін көтерілсе, түнде 23 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,7 м/с.

Жүктелуде...