Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сүйінші! Көшпенділер ойындары халықаралық форумның бір бөлшегіне айналды

Дала мәдениеті көшпенділер дәстүрінің негізі екенін біледі

Сүйінші! Көшпенділер ойындары халықаралық форумның бір бөлшегіне айналды
Фото: YouTube/ The 5th World Nomad games

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен саласындағыең ауқымды көрме өтіп жатыр. 18 шілде күні Қазақстанның АӨК-дегі ең ауқымды және көптен күткен іс-шаралардың бірі - «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрмесі-демонстрациясы басталады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Дәстүрлі «Дала күні» форматында өтіп жатқан көрме іс-шарасында туризм және спорт бағыттары да тыс қалмады. Іс-шараның ресми бөліміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.

Дала мәдениеті көшпенділер дәстүрінің негізі екенін біледі. Осындай месседжді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары да қолдады. Өз кезегінде, ойындарға жауапты Дирекция «Jańa Dala / Green Day 2024» аясында агрофорумда экспозициялық көрме ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен Наиль Нуров басшылық ететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция мамандары екі күндік форумда агроөнеркәсіп кешені мамандарын Ойындармен таныстырып, жылдың маңызды бәсекесінде бірге болуға шақырды. 

Іс-шара Ақмола облысының Ақкөл ауданында, Еңбек ауылында, өңірдің ең технологиялық жабдықталған шаруашылықтарының бірі – «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтеді.

Айта кетерлігі, алқап күні форматындағы дәстүрлі агрофорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Республикадағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ аграрлық өндіріс пен агротуризм саласындағы инновациялық әзірлемелердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады. 

Еске сала кетейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату