"Әйелді ұру күлкілі ме?"белгілі коуч Ақерке Арыстың жарнамасына шүйлікті

Әйелге қол көтеру күлкілі контент емес, жылайтын нәрсе

Фото: Ult.kz

Елімізге танымал Алдараспан театрының бұрынғы әртісі Ақерке Арыстың жарнамалық бейнеролигін белгілі коуч Роза Әшірбаева сынға алды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Әзілкеш жиһаз дүкенін жарнамалай отырып, отбасылық зорлық-зомбылықты насихаттаған сыңайлы. Өйткені дәл сол видеодағы әзіл пікір қалдырушыларға күлкі емес, жанына батып жүрген әйелдер қауымының шамына батқан секілді. 

Отбасылық өмірде әйелдер қауымын қолдаушы белгілі қаржылық сарапшы, коуч Роза Әшірбаева: "Жай ғана әзіл деген адамдардан қорқамын, өйткені зорлық-зомбылыққа күлген адам, ұрып-соғуды норма көреді. Маңғыстауда көшеде елдің көзінше әйелін пышақтаған еркекті ешкім тоқтатпады. Олар осындай әзілге күлетін "соқырлар".

Әйелге қол көтеру күлкілі контент емес, жылайтын нәрсе. Жылына 400 жүз әйел күйеуінің қолынан өледі. Күніне 1 әйел. Қаншама әйел мүгедек болып қалып жатқанын ешкім есептеп жатқан жоқ. Дәл қазір сіз тырқ-тырқ күліп, осындай контентке лайк қойып, смайл жіберіп жатқанда, елімізде бір әйел күйеуінің таяғынан жан тапсырып жатуы мүмкін",-деп жазды. 

Ал экс әзілкеш Ақерке Арыс "әзіл түсінбейтін" адамдарды түсінбейтінін айтуда. 
Жақында ғана дәл сондай отбасылық жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталған еді. Өз күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың өлімін көпшілік әлі күнге дейін ұмыта қойған жоқ.

Жүктелуде...