Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Таразда полицейлер вейп сататын жерасты дүкенін анықтады

45 жастағы тұрғынға қатысты вейптерді тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Таразда полицейлер вейп сататын жерасты дүкенін анықтады
Фото: Polisia.kz

Таразда полицейлер вейп сататын жерасты дүкенін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Таразда “Қарасора – 2024″ іс-шарасы барысында шекпейтін темекі өнімдерін сататын “Smoking shop” жерасты дүкені анықталды,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Мәліметке сүйенсек, тінту барысында 113 электрондық вейп (бір миллион теңгеден астам) табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, 8 мың рет ішке тартатын Waka электронды темекінің 1 данасының бағасы 10 мың теңгеден сатылған. 

45 жастағы тұрғынға қатысты вейптерді тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Жамбыл облысының полиция департаменті осы жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын және криминализацияланғанын ескертеді. Оларды өндіру, әкелу, сату және тарату қазіргі таңда  қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

"Бұрын осындай өнімдерді сатқан кәсіпкерлерді тауарды жою бойынша іс-шаралар жүргізуге және өз бизнесін қайта бағдарлауға шақырамыз"- деп бизнес-қоғамдастыққа өтініш білдірді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Айта кетелік, шегілмейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген.