Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін құстың ұясы табылды

Бүркіт – сұңқарлар тұқымдасытарының ең үлкен өкілі

Фото; pixabay.com

"Ертіс орманы" қызметкерлері Қызыл кітапқа енген бүркіттің ұясын тапты,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы табиғи қорықтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

"Ертіс орманы" қорығының мәліметінше, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері бүркіт ұясын тауып алған. Бұл құс түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Табиғи резерват фаунасын зерттеу және бақылау бойынша далалық жұмыстар кезінде ғылым бөлімінің қызметкерлері бүркіттің ұясын кездестірді. "Бүркіт – сұңқарлар тұқымдасытарының ең үлкен өкілі. Бүркіт қанаттарының ұзындығы 2,5 метрге, салмағы 7 килограмға жетеді. Оның күші ересек қой немесе бұзауды өлтіруге жеткілікті. Бірақ бүркіт үлкен олжаны сирек аулайды, оның тағамы қояндар мен кеміргіштерден тұрады. Құс отырықшы өмір сүреді", - делінген хабарламада. 

Жүктелуде...