Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 шілде, 2024 / Динара Сембаева / Sportroom

Испания құрамасы Еуропаның төрт дүркін жеңімпазы атанды

Футболдан 1 айға созылған Еуропа чемпионаты аяқталды

Испания құрамасы Еуропаның төрт дүркін жеңімпазы атанды
Фото: Jambylinfo.kz

Футболдан 1 айға созылған Еуропа чемпионаты аяқталды. Финалда Испания құрамасы Англияны ұтып, кәрі құрлықтың басты доп додасында 4-ші рет топ жарды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Jambylinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Құрамалар арасындағы ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. Екінші тайм басталған тұста-ақ Испания есепте алға шықты.

73-минутта алаңға жаңа шыққан Коул Палмер есепті теңестірді. Оның алыстан жерлете тепкен добын Унай Симон қайтарып үлгермеді. 

86-минутта Микель Оярсабаль өз мүмкіндіндігін сәтті пайдаланып, есепте қайта құрамасын алға шығарды. Ол қорғаушылардан ерте жетіп, допты қақпаға енгізді. 

Айта кетейік,  осылайша Испания өз тарихында 4-ші рет Еуропа чемпионы атанды. Бұған дейін 1964, 2008 және 2012 жылдары жеңімпаз болған.

Ал Англия футболшылары  екінші жарыс қатарынан финалға шыққанымен, топ жара алмады. 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату