"Енемді қатты жақсы көремін": актриса Зарина Кармен отбасылық өмірі жайлы айтты

Оған дейін түсінбеушіліктер болды

Зарина Кармен сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Отандық танымал актриса Зарина Кармен Мамский әңгіме YouTube жобасында отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, өнер жолы жайында тың ақпараттармен бөлісті,-деп хабарлайды newsroom.kz

-Мен 4 жылдан кейін түсіндім, енемді қатты жақсы көреді екенмін. Оған дейін түсінбеушіліктер болды. Мен келін болып, оқу бітіргенім жоқ, ол да енелер институтын бітірген жоқ.Мен алғашқы келінмін, ол кісіде алғашқы ене болып жатыр.Маған көмектескен менің әжем мен анам берген тәрбие.Кейін мен өзім түсіндім. Мен ауырсам,ең бірінше жүгіріп келетін, менің көңіл-күйімді қас-қабағымды қарап отыратын ең бірінші менің енем. Туған күніме ең керемет сыйлық жасайтын менің енем.Мен шынымен риясыз ата-енемді жақсы көремін,-деді актриса. 

Зарина Кармен бүгінде ақ көйлек кимегеніне өкінетінін жасырмады. Кино және театр жұлдызы жолдасы екеуі тойын Лас-вегаста өткізуді жоспарлағанын айтты. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты ол ойды іске асыра алмаған.

Жүктелуде...