Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жамбыл облысындағы ауданды су басты

Жаңатас қаласында 400 астам нысан мен 47 үй су астында қалды

Жамбыл облысындағы ауданды су басты
Жамбыл облысындағы су басқан аудан.Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Сарысу ауданы Жаңатас қаласында ТЖ салдарын жоюға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz. сайтына сілтеме  жасап. 

Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, жауын-шашын салдарынан Жаңатас қаласында 400 астам нысан мен 47 үй су астында қалды. Оқиға орнына облыстық ПД бастығы Арманбек Баймурзин және бөлініс бастықтары жедел түрде барған.

Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарға барлығы 242 адам, 54 техника, 24 мотопомпа және 1 пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Полиция департаментінің 137 қызметкері мен 32 техникасы тартылды.

Полиция қызметкерлері елді мекендерде құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалап, су басқан үйлердегі мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Сондай-ақ тәртіп сақшылары адамдарды эвакуациялауға қатысуда.

Одан бөлек бекітілген учаскелерде патрульдеу жүзеге асырылып жатыр. Сел тасқыны облыстық маңызы бар "Жаңатас-Саудакент" автожолының учаскесіне зақым келтірді. ПД күшімен қоршау қойылып, елді мекендерге кіру балама жол арқылы қамтамасыз етіліп жатыр.