Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Еліміздің екі қаласында қарақұрт қаптады

“Дәрігерлер қарақұрт шағып алған жағдайда тезірек ауруханаға бару керек”-деп кеңес береді

Еліміздің екі қаласында қарақұрт қаптады
Қарақұрт. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарақұрт Қазақстанның екі өңірінде  жиі кездесетіні анықталды.Зардап шеккендер жәндік уының ағзаға ауыр екенін мойындайды,-деп хабарлайды newsroom.kz

"Ұйықтап жатқанда, бірдеңе мойнымнан тістеп алғандай болды, 10-15 минуттан кейін у бүкіл денеме тарады, бүйрегім істемей қалды. Ауруханаға бара жатқанда тыныс алуым қиындап кетті Осының бәрі бір жарым сағаттың ішінде болды", - дейді шымкенттік Саят Тұрмаханбетов. 

Өрмекшінің қауіпті кезеңі мамырдан қыркүйекке дейін. Әлсіреген дене уланудың әсеріне төтеп бере алмай, адам 5-6 сағаттан кейін өліп кетуі мүмкін. 

"Науқастың жағдайы жасына да байланысты. Егер жасырақ адам боласа, тезірек жазылуы мүмкін. Егде жаста болса, қант диабеті, артериялық гипертензия немесе басқа созылмалы аурулар болса, жазылуы қиын болады", - дейді Шымкент қалалық гипербарикалық оттегімен қамтамасыз ету орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов.

Атырау облысында қарақұрттар тұрғындар мен малдарды шағып тастағаны белгілі болды. 

Атырау облысында қарақұрттардан халық та, мал да зардап шекті. Индер аймағындағы Өрлік, Көктоғай, Есбол және Елтай ауылдарында қарақұрт жылқы, қой, ешкі, түйені шағып үлгерген. Мамандар 81 бас малды емдепті, оның 10-ын әлі емдеп жатыр. 23 мал, оның ішінде 17 түйе, 1 жылқы және 5 құлын, қырылып қалды. Ал 95 адамды қарақұрт шағып алған. Естай ауданы әкімдігі жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккендер бар екенін мәлімдеді.

«Алғашқы жағдай 29 мамырда тіркелді. Барлығы 9 адамды шаққан, оның жетеуі ересек адам және екеуі мектеп оқушысы. Балалар 7 және 15 жаста. Қазірдің өзінде 8 ауыл тұрғыны стационарлық ем алса, 1 адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Ал біреуі ауруханаға барудан бас тартты.Ауруханаларда қарақұрт уына қарсы дәрі жеткілікті», - деді әкімдіктің баспасөз хатшысы Әли Жайшылық.

"Дәрігерлер қарақұрт шағып алған жағдайда тезірек ауруханаға бару керек"- деп кеңес береді.