Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

1949-1998 жылдар аралығында туған қазақстандықтарға 50 мың теңгеден берілетіні рас па?

26 маусымнан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

1949-1998 жылдар аралығында туған қазақстандықтарға 50 мың теңгеден берілетіні рас па?
Фото: BAQ.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға әлеуметтік қордан 50 мың теңге төлеу туралы таралып жүрген ақпарат жалған екенін мәлімдеді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы, NUR4KZ сайтынан сілтеме жасап. 
 

"Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 26 маусымнан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтеме бойынша өтуді ұсынады", - делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмектің бұл түрі жоқ екенін және хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтардың пайдаланушының жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін екенін атап өтті.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы таратылады.