Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
6 маусым, 2024 / Аман ШАМАР / Аймақтар

Алматы – қолайлы қала

Басты мақсат – Алматының сапалы инфрақұрылымын дамыту.

Алматы – қолайлы қала
Алматы қалалық әкімдігі

Алматыда қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл 15 мың қалалық нысанды паспорттау және 750 нысанды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың пайдалануына бейімдеу жоспарланған, – деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл туралы Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

«Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясында барлығы 15 мың нысанды паспорттау жоспарлануда.

Инклюзивті қала қағидаттарын енгізу және Алматының сапалы инфрақұрылымын дамыту қалалық әкімдіктің де, барлық аудандық әкімдіктердің де басты міндеті болып табылады. Паспорттау процесін автоматтандыру мақсатында қаланың ситуациялық орталығымен бірлесіп, еңбек шығындарын қысқартуға және объектілерді паспорттау мен бейімдеудің барлық кезеңдерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін деректерді енгізу үшін мобильді нұсқа әзірленді.

Сондай-ақ, 1 900 қоғамдық көлік аялдамасы мен 11 метро станциясын паспорттау объектілерінің тізіміне қосу жоспарланған.

Сонымен қатар, биыл мүгедектігі бар 42 959 адамды әлеуметтік қызметтер порталы («Инватакси» қызметінен басқа) арқылы 16,9 млрд.теңгеге оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған.

1 мамырға «Инватакси» тасымалдау бойынша қызмет көрсету үшін 100 машина ұсынылған. 422 адам кресло-арбалармен, 552 адам сурдоқұралдармен, 889 адам тифлоқұралдармен, 1 294 адам протездеумен және ортездеумен, 5 097 адам гигиеналық құралдармен, сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етілген.

Санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін1 586 алматылық, жестеу тілі маманының қызметін 827 адам, жеке көмекшіні 3 265 адам пайдаланды.

«TenQogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы» әлеуметтік жобасы одан әрі жалғасуда.