Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза қалай өзгерді?

Кісі өлтіру (кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты) өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасы.

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық  үшін жаза қалай өзгерді?
Фото:minber.kz

Алматы полиция департаментінің өкілі Айтан Елеусізов өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте ұрып-соғу, кәмелеттік жасқа толмағандарға тиісу, зорлау, өлтіру қылмысы үшін жаза қалай өзгергенін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы nur.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, биыл сәуірде Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заңға қол қойған болатын. Бүгін Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айтан Елеусізов кейбір құқық бұзушылықтар үшін жазаның қалай қатаңдатылғанын айтты. Ол кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар үшін татуласу мүмкіндігі алынғанын жеткізді. Ал ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруге келсек, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, яғни құқықбұзушылық әкімшілік кодекстен қылмыстық кодекске ауыстырылды. Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарды жыныстық қатынасқа итермелегені үшін жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар бұдан быдай суицидті насихаттағаны үшін жаза тағайындалады.

Кісі өлтіру (кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты): бұрын 20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы болған. Енді өмір бойын бас бостандығынан айырылады.

Өзін-өзі өлтіруге итермелеу: бұрын үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру. Қазір бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұрынғы бас бостандығын шектеу түріндегі санкция алынып, енді: тек үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
Азаптау. Бұрын екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру болды. Қазір үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлау. Бұрын: он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру. Қазір: он жеті жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
Кішкентай балаларды зорлау: бұрын 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру. Қазір тек өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы.