Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 маусым, 2024 / Динара Сембаева / Сұхбат

Тәртіп сақшысының тәуекелі жайлы не білеміз?

Адам басын ажалдан арашалаған тәртіп сақшылары жетерлік

Тәртіп сақшысының тәуекелі жайлы не білеміз?
Фото: Instagram policebqo

Бүгінде елімізде өз басын қатерге тігіп, қоғамдық тәртіпті қадағалап қана қоймай, адам басын ажалдан арашалаған тәртіп сақшылары жетерлік. 

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында бүгінгі күннің батыры Орал қаласының ПБ  Жедел Криминалистикалық бөлімінің полиция майоры Сейлев Фархат Амангелдіұлының ерен еңбегіне тоқталғанды жөн көрдік.

Ішкі істер органында 2006 жылдан бері қызметтік жолын жалғастырып келе жатқан Фархат ағамыз 2024 жылғы Орал қаласында Төтенше жағдайлар орын алуына байланысты, саяжай аумағында патрульдық қызметін жүргізген. Фархат Амангелдіұлының айтуынша саяжай аумағында белгісіз әйел адамының дауысын естіген. Суға кеткен саяжайлардың бірінде азаматшаның арпалысып үйінен шыға алмай жатқанын көрген тәртіп сақшысы, сол мезетте құтқару шараларын жүргізген. Әйел адамға алдымен медициналық көмек көрсетіп, кейіннен саяжайдан төл құжаттарын алып шыққан көрінеді.

Өз саласының білікті маманы Фархат Амангелдіұлы Мемлекет басшысының қолынан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Бүгінде Фархат ағамыз 3 ұл 1 қыз тәрбиелеп отыр. Ерен ерлігі ескерілген азамат өз жұмысымды адал атқаруға және елге қызметке көрсетуге қашанда дайын екенін жеткізді.

Елімізде сын сағатта сақтылық танынатын , өзі емес өзгенің өмірі үшін өрескел батыр істердің иегерлері тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Еңбек жолына табыс әрі сәттілік тілейміз. 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

                                             Перизат Жайырбек