Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістан облысының әкімі Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысты

Меморандумға сәйкес, университет ретінде 18 қабатты ғимарат ұсынылды.

Түркістан облысының әкімі Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысты
Фото; Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты. Жұмыс сапары кезінде Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Түркістан қаласында кореялық «Вусонг» университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Айта кетейік, наурыз айында өткен Түркістан облысы делегациясының Оңтүстік Кореяға жасаған ресми іссапары аясында Корея Республикасының Халықаралық сауда қауымдастығының (Korea International Trade Association) басқарма төрағасы Юн Джин Сик мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланып, әр түрлі салаларда ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту талқыланды.

Сонымен қатар Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Оңтүстік Корея мемлекетімен келіссөздер жүргізіліп, бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Білім беру бағытында қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған Түркістан қаласында ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстандық WOOSONG университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде көптеп ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл ең алдымен білікті мамандарды оқытып шығаруға, жоғары технологияларды игеруге жол ашады. Жаңа білім ордасының инновациялар мен озық технологиялар орталығына айналмақ. Басты мақсат - адами капиталды дамыту. Бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және студенттер мен оқытушылар алмасуы ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау үшін қолайлы жағдай жасайтыны сөзсіз.

Жаңа білім ордасын ашу жобасының Түркістан өңірінің дамуындағы маңызды қадам болмақ. Бұл инвестицияларды тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етері анық.

Филиал Түркістан қаласында жоғары оқу орындарының бірінің базасында орналасады. Түркістан облысының әкімдігі жатақхана және басқа да техникалық қолдау көрсетуге дайын. Меморандумға сәйкес университет ретінде Түркістан облысының әкімшілік-іскерлік орталығы аумағынан 18 қабатты ғимарат ұсынылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі