Түркістанда заңсыз жер қазу 30%-ға азайған

Жыл басынан бері 12 заңсыз қазба нүктелері анықталды

Фото: Instagram turkistan_oblysy скриншот

Бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, құзырлы органдар мен аудан, қала әкімдіктері тарапынан қатаң бақылауға алынған деп хабарлайды newsroom.kz 

Қазіргі таңда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан тұрақты түрде мониторинг жасалып, нәтижесінде, жыл басынан бері 12 заңсыз қазба нүктелері анықталды. Әрі қарай тиісті шара қолдану үшін облыстық полиция департаменті мен аудан және қала әкімдіктеріне анықтауға хабар жолданған.

Облыстағы аудан және қала әкімдіктері тарапынан заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша жұмысшы топтар құрылған. Жалпы 66 рейдтік шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде заңсыздықтар жойылды.

Сауран ауданында 12 рейдтік шара ұйымдастырылып, 35 ауыр техника айыптұраққа қойылды. 35 әкімшілік хаттама толтырылып, мемлекетке 2,8 млн теңге айыппұл өндірілді. Ал Арыс қаласында 10 рейдтік шара ұйымдастырылып, 15 ауыр техника айыптұраққа қойылды. 21 әкімшілік хаттама толтырылып, қомақты айыппұл өндірілді.

Жүктелуде...