Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 маусым, 2024 / Аман ШАМАР / Қылмыс

«Басынан шіриді»: Балық комитетінің басшылары сотталды

Балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды

«Басынан шіриді»: Балық комитетінің басшылары сотталды
Фото: ru.freepik.com

Аталған комитет төрағасы мен қарамағындағы балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы сотталды, - деп хабарлайды newsroom.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен білгеніміздей, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен оларға алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Олар жалпы қамқорлығы үшін 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деп айыпталды. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.