Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістан облысының тергеушілері тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша «дөңгелек үстелге» қатысты

Соңында жиналғандар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, талқыланатын тақырып шеңберінде бірыңғай тәсілді әзірлеуге сенім білдірді

Түркістан облысының тергеушілері тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша «дөңгелек үстелге» қатысты
Фото;Түркістан облысы полиция департаменті

Түркістан облысының Полиция департаментінде ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Асылжан Қалдарбековтың төрағалығымен маңызды шара өткізілді. Оған, облыс прокурорының орынбасары Е. Шалатайұлы, қалалық, аудандық тергеу және анықтау бөлімшелерінің қызметкерлері, прокуратура, сот органдары, денсаулық сақтау және сот сарапшылары қатысты. «Дөңгелек үстел» тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістер бойынша ұйымдастырылды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Өздеріңізге белгілі, 2024 жылғы 15 маусымнан бастап "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы" Заң күшіне енді. Осылайша әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез-келген түрі үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады және басқа да бірқатар өзгерістер енгізілді.

Кездесу барысында қылмыстық кодекстің жаңа нормалары шеңберінде тергеуге дайындықты қамтамасыз ету және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстарды тіркеу, қылмыстық істер бойынша тергеушілер мен анықтаушылар тағайындайтын сот сараптамаларының сапасын талдау және оңтайландыру, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселелері қаралды.

Соңында жиналғандар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, талқыланатын тақырып шеңберінде бірыңғай тәсілді әзірлеуге сенім білдірді.