Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қостанай облысындағы шаруа қожалығының басшысы мал басын қалпына келтіруде

Тәуіш ауылының тұрғындары су тасқыны салдарынан 77 бастай ірілі-ұсақты малынан айырылды

Қостанай облысындағы шаруа қожалығының басшысы мал басын қалпына келтіруде

Бүгінгі күні су тасқыны кезінде малынан айырылған Қостанай облысының тұрғындарына келтірілген шығын толықтай анықталды. Су тасқынынан облыстың оңтүстік өңіріндегі шаруашылықтар көп зардап шекті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Апаттан кейін өзінің жеке мал шаруашылығын қалпына келтіруге кіріскендердің қатарында «Бикен» шаруа қожалығының басшысы Хамит Шакин де бар. Оның ШҚ Жангелдин ауданы Тәуіш ауылында орналасқан.  
«Президенттің тапсырмасы бойынша 6 998 278 теңге мөлшерінде өтемақы алдым. Тіпті жоғалған малдың ақысы да төленді. Үкіметтің қолдауына ризамын. Көп рахмет. Бізді осындай қиын-қыстау кезде жалғыз қалдырмай, бірден қол ұшын созды. Барлық проблемаларымды шешіп берді», - дейді Хамит Қарағұлұлы.
Ол шаруа қожалығын 1998 жылдан бастап басқарып келеді. Негізгі қызметі мал шаруашылығы екенін айтады. 
«Біз ата-бабамыздан бері келе жатқан кәсіппен айналысамыз, яғни қой және жылқы өсіріп, қосымша егін егеміз. Барлығы 12 мың гектар жеріміз бар. Бұл ретте, «Агроқаржы» компаниясы да шаруашылығымыздың дамуына зор үлес қосқанын атап өткім келеді. Несие, жаңа техника алуға мүмкіндік бар. Биыл барлығын қайтадан жаңартқымыз келеді. «Бикенде» 15 адам жұмыс істейді. Жағдайдың тұрақталып, өміріміздің қалпына келіп жатқанына қуанамыз. Енді жұмысымызға ештеңе кедергі болмайды деп үміттенеміз, - дейді фермер. 
Жалпы, Тәуіш ауылының тұрғындары су тасқыны салдарынан 77 бастай ірілі-ұсақты малынан айырылды. Оларға өтемақы бағалау комиссиясының қорытындысы бойынша төленуде.
Жалпы алғанда ауыл тұрғындары өлген қой, сиыр, жылқы үшін шамамен 26 миллион теңге көлемінде өтемақы алған.