Әлеуметтік желіде қалыңдықсыз той өткізген жігіттің видеосы тарады. Бейнежазба авторы салтанатты рәсімнің Астана қаласында болғанын жазған, деп хабарлайды newsroom.kz
Видеода той үстінде жігіттің тортты өзі кесіп, асабаның тілегін жалғыз тыңдағанын байқауға болады. Ал мұны көрген жұрт тойға қатысты өз болжамын айтты. "Қалыңдық жақ қалың малға келіспей, көп сома сұраған. Ал жігіт тарабы қолдан келгенін жасаған, бірақ қыз жақтың көңілінен шықпаған. Осылайша қалыңдық дәл той алдында бас тартқан. Күйеу жігіт жақ амалсыз бойдақ өмірдің есігі қайта ашылғанын тойлаған", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.