Тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жең ішінде деуші ед, фбны дүрліктіріп қойғаныма кешірім сұраймын – деген белгілі қоғам белсендісі Бурахан Дақановтың үйі өртке оранды деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.
Оның өзі «Ия, кеше түнде, Сергеевкадағы үйім аяқ асты жанып кетті. Жалпы кешеден бері свет бір өшіп бір жанып жыпылықтап жүр ед, төбедегі тоқ сымдар замыканье беріп, үйдің төбесін жаққан екен. Өрт басталарда үйде, қалың ұйқыда едік. Кенет, көрші бөлмеде екі баламмен жатқан әйелімнің жан даусы шыққасын — ұйқылы ояу жетіп барып ем, бөлме бұрышындағы төбеден тамған отты көрдім. Мына натежной потолок деген бір сұмдық екен қысқасы. Бір тұтанса болды, біткен жері сол екен. Апыл ғұпыл балаларды жинап есікті аша қалғанда, сквозняк жел періп төрдегі екі бөлме бірден отқа оранды. Жалаң аяқ, жеңіл киіммен атып шыққан біз, өрт бірден үдегесін — үйден зат алуға мүлдем мүмкіндік бермеді. Қысқасы, ағаштан салынып, терезесі пластик, сырты пенопластан қапталған үй — 15-20 минутта жанып, жоқ болды. Күллі отбасылық документ,"TAUEKEL" ге тиесілі құжаттар, киім кешек, телефон, ноутбук тсс дүниелер бәрі бәрі бір сәтте құрып кетті. Жалпы, өрт сөндірушілер уақытылы келгенімен ештеңеге істей алмады. Өйткені дала қатты жел боғасын, үйдің сау жері қалмаған тұғын» - деп жазды.
«Өстіп, отбасыммен бір ажалдан қалдық бүгін. Жалпы дүние жиналады ғой, басымыз аман әйтеуір. Кішкене балаларым сәл шошып қалғаны болмаса, дым зақым алған жоқ. Жергілікті әкімдік қызметкерлеріне ризамын, Сергеевканың әкімімен қоса өрт сөндірушілер басшысына дейін түнімен жүрді жанымызда. Қысқасы ешкімге өкпе ренішім жоқ. Болған жағдайға ешкімді кіналамаймын. Жалпы, бір айдай бұрын үйдің жарығы қайта қайта өшетінді шығарған, электрик шақырып автоматты ауыстырттым, сол кезде электрик төбедегі сымдардыда ауыстырғаның жөн деп ед. Бұйырса келесі ай ауыстыртайын деп ем, сымдарын алып қойғаныммен, ауыстыртып үлгермедім. Нәтижесі міне осындай болып жатыр. Жалпы бұл үйде 3 жылдай өмір сүрдім. Осы үйге келіп, Солтүстікке көшті, "TAUEKEL" ді бастадым. Берілген үйді жаман, сапасы нашар демедім, қолымнан келгенше ремонттап, күйін отбасыма жайлы еттім. Солтүстікке келем, көрем деген қанша Қазақты төріне отырғызып, мейман қылдым. Оған осы жерде отырған көбіңіз куәсіз. Қысқасы бұл үйге ризамын өз басым.
Әкімдік тарапынан қолдау шаралары толығымен іске асып жатыр. Бұйырса жақын арада басқа үй алып қалармын» - дейді Бурахан Дақанов.
Қазір бір көшіп келген, үй алуына ол сеп болған Түркістандық азаматтың үйінде жатыр екен. Жалпы, Сергеевкадағы көшіп келген көптеген азамат біздікіне жат біздікіне жат деп қолқалап жатқан көрінеді. Осындай қолдауға ие болғанына мерейі өсіп, бір жағынан марқайып отыр екен. Қысқасы, соңғы екі жылымды бос өткізбеген екем. Соған көзім жетті бүгін – дейді танымал қоғам белсендісі.
Қоңырау қабылдай алмай отқаныма айып етпеңіздер – деген оған мына каспи нөмірі арқылы қолдау көрсетуге болады екен. 8 771 341 7397 Шынар. Рахмет сіздерге. Әр демеуіңіз, өзіңізге еселеп қайтсын. Осыдан бір өтіп алсам, Солтүстікке көшетін жүздеген адамға көмегім тиеді әлі. Сөзім сөз. "TAUEKEL". Теріскей бізге аманат – деген Бурахан Дақановқа желідегі жұрт жаппай қолдау танытып жатыр.