Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында қола жүлде иеленді

Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін Франция командасына қарсы матч өткізіп, 7:2 есебімен ұтты

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы әуесқойлар арасында Босния және Герцеговинада өткен Еуропа чемпионатында қола жүлде иеленді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін Франция командасына қарсы матч өткізіп, 7:2 есебімен ұтты. Сербиялықтар жарыс жеңімпазы атанса, күміс медальді Румыния еншіледі. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының B тобында көш бастап, кейін Словения және Әзербайжан командаларын жеңген болатын. Бірақ жартылай финалда Румынияға пенальти сериясында есе жіберді. 

Жүктелуде...