Сұмдық! Песковтың қызы қазақстандық «ИИН» алыпты

Елизавета Дмитриқызы Пескова 1998 жылдың 9 қаңтарында Дмитрий Песковтің Екатерина Солоцинскаямен көтерген шаңырағында дүние есігін ашқан

Фото: starhit.ru

Ресей президенті Владимир Путиннің 2004 жылдан бергі айнымас баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Елизавета қазақстандық ЖСН алуы мүмкін,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ел аузында «ИИН» аталып кеткен нөмірді ресейлік саясаткердің қызы 2022 жылы алуы мүмкін деп жазады orda.kz басылымы. 

Түрік тілінің білгірі әрі кәсіби дипломат Песковтың қызы АҚШ пен бірқатар ЕуроОдақ елдерінің санкциясына түскен. Ал қазақстандық ЖСН болса оған ҚР банктерінен шот ашып, Ресейге салынған санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік береді екен. 

Елизавета Дмитриқызы Пескова 1998 жылдың 9 қаңтарында Дмитрий Песковтің Екатерина Солоцинскаямен көтерген шаңырағында дүние есігін ашқан. 

Кеңес заманынан бері өте жоғары лауазымды қызмет атқаратын не интеллигенция өкілдері мен өте талантты жастар түсе алатын Мәскеудегі халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Жүктелуде...