Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ұлттық комиссияда әйелдер мен қыздардың денсаулығы көтерілді

Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты

Ұлттық комиссияда әйелдер мен қыздардың денсаулығы көтерілді

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету және фертильді жастағы әйелдермен акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысы мәселелері қаралды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ерекше назарда - ауылдық елдімекендердің тұрғындары. Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қалаберетінін атап өтті.

«Бұл мәселе жалпыұлттық маңызға ие, өйткені біз салауатты ұлт, елдің болашағытуралы айтып отырмыз.

Жасөспірім қыздар мен фертильді жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және нығайту, олардың бала туу туралы ақпараттандырылған шешім қабылдау мүмкіндігін кеңейту, жүктілік және босану кезіндегі тәуекелдерді азайту мақсатында әлеуметтік-экономикалық және емдеу-профилактикалық шаралар кешені іске асырылуда.

​Біздің сарапшылар медициналық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, ана өлімін азайтуға мүмкіндік беретін шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап өтті. Жалпы, барлық уәкілетті органдардың белсенді дәйекті жұмысы қажет деп санаймын», - деп атап өтті министр.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова осы саладағы ағымдағы жағдаймен жұмыс жүйесін жетілдіру шаралары туралы хабардар етті.

Сенатор Ләззат Қалтаева отырысқақатысушылардың назарын мүгедектігі бар әйелдерге медициналық қызмет көрсетудің проблемалық мәселелеріне аударды.

Ұлттық комиссияның мүшесі, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалы шалғайдағы ауылдардағы әйелдерге көмек көрсететін акушерлік-гинекологиялық қызмет жұмысындағы бірқатар проблемаларды атап өтті. 

Өңірлердегі ауылдық ауруханаларға, фельдшерлік пункттерге барып осы мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеген Ұлттық комиссия сарапшылары денсаулық сақтау менеджерлерімен, дәрігерлермен және пациенттермен кездесулер барысында әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау үшін инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеу мәселесіне назар аударды.

Әйелдер консультацияларына, перзентханаларға, отбасын жоспарлау кабинеттеріне, ауылдық ауруханаларға, жастар денсаулық орталықтарына әдістемелік көмек көрсету қажеттілігі бар.

Отбасын жоспарлау кабинеттерінің жеткілікті санына қарамастан, жүктіліктің 40%-ы жоспарланбаған, ал прегравидарлық дайындықтан өткен жұптардың үлесі 30%-дан аспайды. Осы тұрғыда аталған жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін қайта қарау ұсынылды.

Азаматтардың өз денсаулығын сақтау және нығайту үшін бірлескен жауапкершілігі төмен болуыосы процеске барлық уәкілетті органдарды қосудыталап етеді. Қоғамдық ұйымдар, сараптамалық және ғылыми қоғамдастық халық арасында, мақсатты аудиториялар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Отырысты қорытындылай келе, Ұлттық комиссия төрағасы Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп фертильді жастағы қыздар мен әйелдердің денсаулығын сақтау,жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту, сондай-ақ жастарды саналы ата-ана болуға дайындау жөнінде шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ұлттық комиссия жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсетудің және акушерлік-гинекологиялық қызметтің өңірлік деңгейде фертильді жастағы әйелдермен жұмысының егжей-тегжейлі мониторингін жалғастырады.