Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Ибрагим Раисті жерлеуге Қазақстаннан кімнің баратыны белгілі болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Парламент Мәжілісінде хабарланғандай, Палата спикері Ерлан Қошанов Иран Президентінің жерлеу рәсіміне Қазақстаннан барады.
"Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша еліміздің атынан спикер жерлеу рәсіміне қатысады", - деп растады Zakon.kz сайтына Мәжілістің баспасөз қызметі.