Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Атырау облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады

Фото: turaninfo.kz

22 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, ал кей өңірлерде жоғары өрт қаупі бар, - деп хабарлайды newsroom.kz

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с болады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, дауыл болады. Солтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, дауыл болады. Солтүстік-шығыстын жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Жүктелуде...