Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Балабақшада бүлдіршіндерді кімдердің тұншықтырғаны анықталды

Ата-ана 10 мамырда қызының бетінің оң жағында қызару мен саусақ іздерін байқаған

Балабақшада бүлдіршіндерді кімдердің тұншықтырғаны анықталды
Фото: qaz.365.kz

Тәрбиешінің балаларды ұрғанын олардың ата-аналары анықтаған. Себебі балалары үйге жарақат алып келген. Ата-аналар балабақшадағы бейнекамераларды қарау барысында тәрбиешілердің балаларға қол жұмсағанын көрген. Оны көреген кейбір ата-аналар есінен танып қалған,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Алғаш болып ата-аналардан А.Мұхаметқали 2022 жылы туған қызының соққыға жығылғанын байқаған. Ол 10 мамырда қызының бетінің оң жағында қызару мен саусақ іздерін байқаған. Тәрбиеші балалар ойын барысында төбелесіп қалған деп түсіндіреді.

14 мамырда тағы бір қыздың анасы Г.Шаймерденова да осындайды байқайды. Ол қызының балабақшадан келген соң оң жақ жамбасында қатты қызару және саусақ іздері барын анықтаған. Бірден дереу балабақшаға барып, бейнежазбаны қарайды. Видеодан тәрбиешінің қызына және басқа да балаларды қалай аяусыз ұратынын көрген.

2024 жылдың 15 мамыры күні таңертең, яғни 30-ға жуық ата-ана видеоны көру үшін балабақшаға барып, «Құлыншақ» және «Бөбек» топтарының екі тәрибешісі мен екі күтушісінің заңсыз әрекеттерін анықтаған.