Иманды болсын! 16 жастағы автошабандоз жол апатынан қаза тапты

5 мамырда Алматыда дрифт сериясынан жарысқа қатысып, дүйсенбіде қаза болды

Фото: instagram/ sokol _international

16 жастағы автошабандоз жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы СТК Сокол автодромының өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Newsroom.kz

Павлодарлық автошабандоз Анатолий Кин жол апатынан қайтыс болды. Ол 5 мамырда Алматыда дрифт сериясынан жарысқа қатысып, дүйсенбіде қаза болды.

"Павлодар жолындағы жол апаты бәріміз үшін қайғылы оқиға болды, ең жас және, сөзсіз, біздің чемпионаттың ең талантты шабандоздардың бірі қаза болды", - делінген СТК Сокол автодромында.

Жүктелуде...