Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде жаңбыр жауады

Бүгін Алматыда жаңбыр болады

Фото:egemen.kz

Синоптиктер Астана, Алматы мен Шымкентте 7 мамырда ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды Newsroom.kz

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жаңбыр болады. Күндіз ауа температурасы +24 градусқа дейін көтеріліп, түнде +9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с болмақ. Синоптиктер Астанада да жаңбыр жауады деп болжады. Күндіз ауа температурасы 19 градусқа дейін жетіп, түнде +9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,2 м/с болады. Шымкентте бүгін күн ақша бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны +27 градусқа дейін жетіп, түнде +14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,2 м/с деңгейінде болмақ. 

Жүктелуде...