Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Желідегі шудан кейін Ақтауда кісі өлтіріп, жеңіл жаза алған экс-прокурордың үкімі қайта қаралды

8 жыл тар қапаста отыратын болды

Желідегі шудан кейін Ақтауда кісі өлтіріп, жеңіл жаза алған экс-прокурордың үкімі қайта қаралды
Фото: Qaz365.kz

Жақында Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасарына қатысты сот шешімі шыққан болатын. Ол «Абайсызда адам өлтірген» деген баппен 1,5 жылға ғана бас бостандығынан шектелген еді. Маңғыстау облыстық соты аппеляциялық сот жаза мерзімі өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Енді айыпталушы бостандықта емес, 8 жыл тар қапаста отыратын болды. Өйткені бұл іс қоғамда резонанс тудырып, қайтадан қаралған.

«Апелляциялық сот алқасы істі зерттеу нәтижесі бойынша сотталушының ісі ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа берілгені (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) анықталды. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы-прокурор айыптауды онша ауыр емес жазаға, яғни ҚР ҚК-нің 104-бабы, 1-бөлігіне өзгерткен (Абайсызда адам өліміне әкеліп соғу). ҚПК-нің 337-бабы 7-бөлігіне сәйкес, егер прокурор айыпты өзгертсе, жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды. Сот отырысының аудио-бейне жазбасынан соттың айыптауды өзгертуге қатысты жәбірленушінің ұстанымын түсіндірмегені байқалады. Сот жарыссөзі барысында жәбірленуші ұсынылып отырған жазаға қатысты прокурормен келіспеген», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық соты.