Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Енді несиесі айлығының жартысына тең қазақстандықтарға жаңа несие берілмейді

Егер жалпы несие төлемдері кірістің 50%-ына жетсе, жаңа несие берілмейді

Енді несиесі айлығының жартысына тең қазақстандықтарға жаңа несие берілмейді
Фото: egemen.kz

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін несиесі жалақының жартысынан асса, онда оған жаңа несие берілмейді,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжілісмендер жалпы отырыста екінші оқылымда мақұлданған "Кейбір заңнамалық актілерге несие беру кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына осындай түзетулер енгізді.

"АMANАТ" фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, несие берушілер енді қарыз жүктемесінің коэффициентін (ДЛР) есептеп барып, несие беруі керек. Мысалы табысыңыз 200 мың теңге болса, несиенің ай сайынғы төлемі 100 мыңнан аспауы керек. Егер жалпы несие төлемдері кірістің 50%-ына жетсе, жаңа несие берілмейді. 

Депутаттардың айтуынша, бұл шаралар студент сияқты табыс көзі жоқ адамдарға несие беруді болдырмау үшін жоғары пайыздық мөлшерлеме арқылы несиелеудің өсуін тоқтатуға бағытталған. Заң жобасы қазір сенатта қаралып жатыр.