Әнші Қайрат Нұртас көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды, Newsroom.kz
29 сәуірде әлеуметтік желіде әншінің көлік жүргізіп келе жатқан видеосы тарады. Жазбаны egovpess телеграмм арнасы жариялады. Видеода оның қауіпсіздік белдігін тақпағанын анық көруге болады.
Ресми мәлімдеме
"Құқық бұзушыға қатысты шаралар қабылданды. Көлікті қауіпсіздік белбеуін тақпай жүргізгені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК – нің 593-бабы 2-бөлігі)", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.