Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Шоубиз

«Жұлдыз үйсіз қалмайды» – Қайрат Нұртастың анасы ШОК-мәлімдеме жасады

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова көпшілік көкейіндегі сұраққа Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирі кезінде жауап берген.

«Жұлдыз үйсіз қалмайды» – Қайрат Нұртастың анасы ШОК-мәлімдеме жасады
Turkistan.kz

Продюсер бұл жағдай Әбдікәрімоваға сабақ болатынын алға тартып, ұлы Қайрат Нұртастың не себепті жанұясына басқа пәтер әпермей жатқанын түсіндірді. Ол көпшілікті жағдайдың мән-жайын білмей жатып, ұлын сынамауға шақырды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Айдарбекова немерелері үйсіз қалмайтынын жеткізді.

"Алданып қалды. Ол жерде менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ. Өзі де кішкене көріп жатыр. Өз қателігін мойнымен көтеріп, ол да тырысып жатыр. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Ол үй де оңайшылықпен келген жоқ. Қайрат екеуміз неше күн, неше түн ұйықтамай, концерт беріп, дизайнермен ремонт жасап, жиһазын алып берген үй ғой. Кішкене көрсін. Қайраттың бала-шағасы үйсіз қалмайды. Жұлдыз да үйсіз қалмайды. Бірақ арасына уақыт керек. Үй алу оңай емес. Ол да қымбат үй болды. Мен үйімнен айырылып қалсам, ертең барып ала салатын оңай дүние емес. Оның артында Қайраттың еңбегі тұр. Қайрат да адам. Сол үшін артық сөздің керегі жоқ", - деді Айдарбекова.

Оған қоса продюсер Қайрат Нұртас отбасына қалай көмектесіп жатқанын айтты.

Сіздер уайымдамай-ақ қойыңыздар. Үй алынбай жатса да, миллион теңгеге жалдап тұрып жатыр. Үш айда үш миллион төлеп қояды. Бала-шағаның барлығы қымбат мектептерде оқиды. Үш ай сайын 4,5-5,5 млн теңге төлейді. Шопырына да төленеді. Қайраттың тарапынан бар жағдай жасалып жатыр. Сол үшін мені, Қайратты кінәлап керек жоқ. Қайрат бала-шағасын үйсіз қалдырмайды. Құдайға шүкір отбасын, Жұлдызды жақсы көреді. "Сені сүйем" деген әндер босқа шыққан жоқ. Жұлдыз да менің алғашқы қызығым. Ол қандай болса да менің келінім. Сол себепті мен қолымды кесіп, оны жамандап отырмаймын ғой. Бәрі менің бала-шағам, менің ұрпағым. Қазір Жұлдызға 100 мың доллардың үйінде отырады деп тұрсыз ба?! Олар жақсы нәрсеге үйренгеннен кейін қымбат үйді қалайды. Ол үшін Қайратқа қаншама жұмыс істеу керек. 30-50 мың жоллардың үйіне тұрмайды. Ондай үйге тұрса қазір-ақ әперер едік. Пенде болған соң бәрінде қателік болады", - деді ол.