weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Маған бәрін түсіндірді: Қайрат АЭС-ті қолдайды?

Әнші өз сөзінде референдумның маңыздылығын атап өтті

Маған бәрін түсіндірді: Қайрат АЭС-ті қолдайды?
Фото: Instagram/ kair_n

Қазақстанның эстрада жұлдызы, танымал әнші Қайрат Нұртас АЭС салуды қолдау жөніндегі Шымкент қалалық штабында болды. Бұл кездесуде өнер жұлдызы «АMANAT» партиясының қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаевпен АЭС станциясының салыну жобасына байланысты пікір алмасты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қайрат Нұртас өз сөзінде елімізде атом электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылуына толық қолдау білдіретінін атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған жалпыхалықтық референдумды маңызды қадам ретінде қарастыратынын және 6 қазан күні өтетін референдумда белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ әнші өз сөзінде халықты осы науқанға белсенді қатысуға шақырды. Ол барша тыңдармандарына референдумның маңыздылығын айтып, өз дауысын беру арқылы еліміздің болашағына үлес қосуға үндеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→