СҚО-да полицейді көлік қағып кетті

Қылмыстық іс қозғалып жатыр

Фото: inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полицейді көлік қағып кетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Полицей алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, ал қаққан жүргізуші қашып кеткен.

Қызметкердің өлімі туралы ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Жүктелуде...