29 сәуір күні Атырау мектептері білім берудің офлайн форматына ауысады, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы өңірдің ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Бұл туралы өңір басшысының орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді. "Атырау қаласында және қала маңындағы елдімекендерінде жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуына байланысты 29 сәуірде облыс орталығының барлық мектептері офлайн оқыту форматына көшеді, - деді ол. Жедел штаб мәліметінше, егер балалар белгілі себептермен Атырау қаласынан тыс жерде болса, оқуын онлайн форматта жалғастыра алады. Атырау облысында су тасқынына қатысты ахуал нашарлаған жағдайда іс-қимыл алгоритмі алдын ала жарияланады.