Астаң-кестеңі шыққан көшеде көліктер батпаққа батуда

Астаң-кестеңі шыққан көшеде көліктер батпаққа батуда

ашық дереккөзі

  Отырған жері Жетісу болса да, ішерге суы жоқ ауыл бар. Талдықорғанның түбіндегі Үйтас саяжайының үш жарым мыңнан аса халқы ауыз судың зардабын әбден тартып болды. Амалсыз тұзды, сор татқан құдықтың сасық сұйығын ішіп келеді. Былтыр әкімдік 1 миллиард бөліп, құбыр төсеген. Мердігер мекеме оны қалай болса солай көміп, көшелердің астаң-кестеңін шығарып кетіпті. Енді жаңбырлы күні ауыл түгел батпаққа батады. Көліктер тығылып, жаяу жүргіншілер белуардан балшық кешуге мәжбүр. Қайта-қайта өшетін жарықтың жырын айтсам, облыс орталығына тиіп тұрса да, өркениеттен қалып қойған айдаладағы бір ауылдың дастаны басталып кетеді деп хабарлайды  Newsroom + тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.   Мынадай тар көшеде көліктер бірінен соң бірі батпаққа батып, әбден әлекке түседі. Әсіресе, жаңбырлы күндері бұл жолмен жаяу жүрудің өзі азап, - дейді тұрғындар. Өйткені, мердігер мекеме қазылған құбырдың бетін кейбір жерлерде шала-пұла көме салған.   https://www.youtube.com/watch?v=CFqJi1AZDjI   ДҮЙСЕНХАН ДОСМЫРЗАНОВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ: "Көшенің бәрін қазып кетті де, сосын дұрыстап жаппай, кедір-бұдыр боп жатыр. Батпақ. Көктем кезінде вообще батпақ боп жатады. Балалардың мектепке баратындары әзер шығады остановкіге". ДАСТАН МАРАТОВ, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ: "Жердің бәрі ойық-ойық боп, мәшинелердің бәрі батады. Не жүре алмайды. Біреу кірсе, екіншісі міндетті түрде сүйреп шығуы керек. Ол негізінде жолды прессовать ету керек қой. Ол мәшине жүреді. Адам жүреді". Үйтас саяжайына су тарту жұмыстары былтыр басталған. Бұл бағытқа бюджеттен бір млрд теңгеден астам қаржы бөлініпті. Өткен жылы соның жартысы игеріліп, 45 шақырымдай құбырдың 35 шақырымы тартылған. Жауапты мамандар мердігер мекеме көшелердің барлығын ретке келтіреді деп отыр. НҰРЫМ ӘЛИҰЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Құрылыс нысаны қазіргі уақытта 70 пайызға аяқталған. Қыркүйек айының аяқ жағында Үйтас саяжайына суды толығымен береміз. Су құбырлары тартылып болғаннан кейін, қиыршық тас төселінеді. Бүкіл жолдардың жасауы осы қаржының ішінде қарастырылған". Ал, тұрғындар карантинге байланысты су беру жұмыстары созылып кете ме деп, алаңдайды. Үйді-үйге құбыр тартылып біткенше, осы жалғыз құдықтан тұзды болса да, тіршілік нәрін тасып іше тұрмақ. Жалпы, таза ауыз судың келуін әсіресе, балалар асыға күтіп жүр. Үйде кір жуып, монша жаққан күндері қиналатындарын айтады. ЖАСҰЛАН ӘЛМӘМБЕТ: "Баняға су тасу үшін күніне 2-3 рет барам, ал, былай жәй күндері 1 рет барам, осы 2 км жүрем күніне". Саяжайда ауыз су мен жолдан бөлек, жарық мәселесі де толық шешілмеген. Өйткені, электр желілерінің де тозығы жеткен көрінеді. ЖАНАР БЕЙБІТОВА, САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ: "Напряжение жоқ. Слабый вообще. Жел не қатты соқса, свет өшіп қалады. Қанша адамдардың холодильниктері күйді. Өзіміздікі де күйіп кетті. Ал, диспетчерскаяға звондасақ, линия у Вас старая. Надо ремонтировать дейді". Әкімдіктегілер бұл мәселе де назарда екенін жеткізді. Қазір жобалау-сметалық құжаттары жасалып жатқанын айтады. Келер жылы қаржы бөліп, тоқты да тартып береміз, - деп отыр.

Жүктелуде...