Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс

Маңғыстау облысында 8 жасар баланы соққыға жықты

Балалар алаңында ойнап жүрген баланы ұрып-соққан

Маңғыстау облысында 8 жасар баланы соққыға жықты
Фото: opennews.kz

Маңғыстау облысындағы ауылда балалар алаңында ойнап жүрген оқушыны қатарластары ұрып-соқты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Lada.kz мәліметінше, 8 жасар ұл бала жақын маңдағы ауруханаға жатқызылған, дәрігерлер оның балтыры екі жерден сынғанын, басынан жарақат алғанын және денесі жырылғанын айтады.

Ұлымның сөзіне қарағанда, оны үш қатарласы ұрып-соққан. Олар алдымен баламның жергілікті тұрғын емес екенін айтып, неше түрлі сөзбен тіл тигізген. Ұлым да оларға жауап қатқан. Кішкене уақыттан соң балам інісін ертіп үйге қарай бағыт алған. Осы сәтте сол балалар тағы тиіскен. Екеуі ұлымның иығынан ұстап тұрып, үшіншісі жүгіріп келіп қабырғасынан тепкен. Ұлым құлап қалғанымен, орнынан тұрып қашпақ болғанда, әлгілер қуып жетіп алып, тепкенің астына алған, — дейді баланың анасы.