25 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес өткен тәулікте 2024 жылғы 25 сәуір сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді. Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 604 см., деңгейдің +7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 381 см құрайды.
Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 721 см., тәулігіне + 6 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 404 см құрайды.
Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 425 см., тәулігіне +3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 234 см құрайды. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
"25 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с құрайды" делінген хабарламада.