Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Абай облысынан 200-ге жуық сарбаз арнайы бортпен Оралға аттанды

Абай гарнизоны әскери бөлімдерінің 200-ге жуық әскери қызметшісі Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына арнайы бортпен аттанды

Абай облысынан 200-ге жуық сарбаз арнайы бортпен Оралға аттанды
Фото: Qaz365.kz

Еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетуді үздіксіз жүргізіп жатқаны белгілі. Солардың қатарында Абай гарнизоны әскери бөлімдерінің 200-ге жуық әскери қызметшісі Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына арнайы бортпен аттанды, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Су тасқынына қарсы көмек көрсетуге аттанған әскери қызметшілерге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов бағыт беріп, аталған шараның маңыздылығына тоқталды.  Өздеріңіз білетіндей еліміздің батыс аймақтарында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарулы күштердің әскери қызметшілері де тәулік бойы жұмыстар атқаруда. Тасқынның алдын алу мен салдарын жою шараларына белсене қатысып қайтуларыңызға тілектеспін, - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, полковник Жеңіс Маралов.

Айта кетейік, Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі атап өткендей, бұған дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Үшарал гарнизонының 40398 әскери бөлімінен 300-ден астам әскери қызметші мен 15 бірлік техника Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы жұмыстарға көмек көрсетуге әскери эшелонмен аттанған болатын.