Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Боссың ба?»: Салтанат өлім аузында жатқанда Бишімбаев басқа әйелмен сөйлескен

Бишімбаев “Юлия супермен” Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан сәтте сөйлескен

«Боссың ба?»: Салтанат өлім аузында жатқанда Бишімбаев басқа әйелмен сөйлескен
Фото: Stan.kz

Сот Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың телефонын тексеріп отырып 2023 жылы 9 қараша күні сотталушының “Юлия супер” деп сақталған әйелмен хат жазысқанын анықтады,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушы Қуандық Бишімбаев мұның жеке басқа қатысты хаттар екенін ескертіп, ондағы әңгімені жарияламауды сұрады. Бірақ сотқа қатысушылар хаттардың оқылуын талап етті. Өйткені Бишімбаев “Юлия супермен” Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан сәтте сөйлескен.

“Не істеп жатырсың? Боссың ба”, – деп сұраған Қуандық Бишімбаев.

Оның бұл сұрағына “Юлия супер”: “Кірпік жабыстырып жатырмын. Қай уақытта?”, – деп жауап берген. 

Жәбірленуші тарап атап өткендей, Бишімбаев Салтанаттың жағдайы туралы көріпкелмен сөйлесіп жатқанда Юлиямен де қатар хат алмасқан. Жәбірленуші тараптың: “Юлия Бишімбаевқа қандай қызмет көрсетуі керек еді? Ол не себепті бос болуы керек?” деген сауалдарына сотталушы жауап бере алмады. Сот аталған сұрақтарды алып тастады.